ЮНЕСКО алдағы жылдары Ауғанстанда әйел мамандардың қалмауы мүмкін екенін ескертті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, ЮНЕСКО әйелдерді жоғары оқу орындарынан шеттетудің салдарынан алдағы жылдары Ауғанстанда бірде-бір әйел маман қалмайтынын баса айтты.
ЮНЕСКО мәліметінше, соңғы 5 жылда ел университеттерінен бірде-бір әйел түлек бітірмеген. Егер бұл үрдіс жалғаса берсе, Ауғанстанда алдағы уақытта білім беру мен денсаулық сақтау салаларында маман тапшылығына тап болады.
«Талибан» қозғалысы билік басына келгеннен кейін алдымен қыздардың мектепте, кейіннен университеттерде білім алуына қатаң тыйым салды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, бүгінде шамамен 2,4 миллион ауған қызы орта білім алу құқығынан айырылған, ал 2026 жылы Ауғанстан университеттеріне бірде-бір қыз бала тіркелмеген.
ЮНИСЕФ Ауғанстан алдағы 5 жылда 20 мың әйел оқытушы мен денсаулық сақтау саласының 5400 білікті қызметкерінен айырылып қалатынын ескертеді.
Бұл өз кезегінде миллиондаған әйелдің қажетті медициналық көмек пен қызметтерге қол жеткізе алмай қалуына әкеп соқтырмақ.




















