«Талибан» қозғалысы Ауғанстанда жаңа полиция заңын қабылдап, ел аумағындағы барлық бейбіт шерулер мен қоғамдық наразылықтарға толық тыйым салды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, құжат қауіпсіздік күштеріне кез келген рұқсат етілмеген жиындарды күшпен таратуға өкілеттік береді.
«Талибан» қозғалысы қабылдаған жаңа полиция заңы Ауғанстандағы бейбіт қоғамдық наразылық акцияларының құқықтық негізін толықтай жойып, елдегі барлық демонстрацияларға ресми түрде тыйым салды.
53 баптан тұратын жаңа құжатта күдіктілерді ұстау мен қамауда ұстау тәртібін нақты көрсетілген. Полиция бұл ретте қылмысты тергеу мақсатында күдіктіні 10 күнге дейін қамауда ұстай алады. Ал бұл мерзімді одан әрі ұзарту тек соттың шешімімен ғана жүзеге асырылады.
Сондай-ақ билік «көтеріліс» немесе «қарулы қылмыс» деп таныған жағдайларда қару қолдануға заңды түрде мүмкіндік берілген.
Құжатта ұсталғандарға қатысты шектеулер айқын көрсетілген. Атап айтқанда, полиция қызметкерлеріне күдіктілер мен тұтқындарды таяқпен, кабельмен ұрып-соғуға немесе сот шешімінсіз кез келген түрде азаптауға қатаң тыйым салынады.
Бұл жаңа заңның қабылдануы елдегі азаматтық бостандықтардың шектелуін одан әрі күшейтіп, халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырып отыр.



















