Францияның «Патриоттар» партиясының жетекшісі әрі президенттікке үміткер Флориан Филиппо елдің қазіргі президенті Эммануэль Макронды отставкаға кетуге шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Флориан Филиппо мұндай шешім елде болып жатқан жаппай тәртіпсіздіктер мен наразылық акциялары аясында қабылдануы керектігін баса айтты.
Филиппо Франция билігін заңсыз көші-қонның кең көлемде таралуына жағдай жасады деп айыптады. Сондай-ақ ол елдің ұлттық егемендігін қалпына келтіру қажеттігін атап айтты.
Филиппо әлеуметтік желідегі жазбасында елді дағдарыстан шығарудың жолын атап: «Хаостан шығу үшін биліктегі сатқындарды қуып, мемлекеттілікті қалпына келтіру қажет», – деп жазды.
Айта кетейік, Францияда наразылық акциялары кең ауқымда өтіп жатыр.
Францияда сенбі, 17 қазанда қыркүйек айында басталған оқушылардың наразылық акцияларының жалғасы ретінде жалпыұлттық шерулер өтті. Бұл қозғалысқа студенттер, кәсіподақтар мен «сары жилеттілердің» жақтастары қосылды. Қатысушылар өмір сүру құнының, жанармай бағасының өсуіне қарсы шығып, жалақы мен зейнетақыны көтеруді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің жұмысын жақсартуды талап етті.



















