Трамптың Нетаньяхуды алдағы парламенттік сайлауда қолдадыТрамп Нетаньяхуды мадақтаған үлкен мәтін жариялап, оның қарсыластарына ишаралап қоқан-лоқы жасап, алдағы парламенттік сайлауда оны қолдады.
Трамптың мәлімдемесіне қатысты бірнеше жайт бар.
Ең айқын мәселе — Нетаньяхудың сайлау алдындағы қиын жағдаймен бетпе бет келуі. Бұған дейін Биби бастаған коалицияның дауысы оппозицияның дауысынан аз болғанымен, оппозицияның өзі де үкімет құруға қажет басымдыққа ие бола алмады. Алайда қазіргі жағдай Нетаньяхудың қарсыластары үкімет құру үшін қажетті шектен өте алатын бағытқа қарай өзгеріп бара жатуы ықтимал.
Нетаньяху екі соғыста да Трамптың айтқанынан шықпайтын серігі әрі сарбазы ретінде әрекет етті. Сондықтан оның сайлауда жеңілуі Трамп үшін үлкен саяси соққы саналады. Әсіресе, республикашылдар Конгресте ауыр жеңіліске ұшыраса, бұл соққының салмағы арта түседі.
Қазіргі уақытта Трамптың күн тәртібінде Сенаттағы жеңлістің алдын алу және Нетаньяхудың премьер-министр болып қалуын қамтамасыз ету. Өйткені Өкілдер палатасынан айырылған ықтималдығы жоғары.
Нетаньяхудың жеңілісі Трамптың саяси жағдайына қалай әсер ететіні АҚШ президенті үшін маңызды.
Трамп Үкіметі Батыстағы әсіре оңшыл күштерді қолдайды. Бұл жағдай тек Израильмен шектелмейді.
Аргентина президенті Хавьер Милейді және Бразилияның бұрынғы әсіре оңшыл президентінің ұлы Флавио Болсонароны қолдауы, сондай-ақ Латын Америкасының басқа елдерінде оңшыл күштердің билікке келуі осы кең ауқымды бағытты көрсетеді.
Сонымен қатар Еуропада да Трамп өзінің алғашқы президенттік мерзімінде кеңесшісі Стив Бэннонға Еуропарламент сайлауында әсіре оңшыл күштердің жеңіске жетуіне көмектесуге жауапты етіп тағайындаған болатын. Қазір Джей Ди Вэнс пен Илон Маск та осы күштердің билікке келуіне мүдделі.
Трамп — аннексияшы. Ол Канада мен Гренландияны АҚШ-тың бөліктері санайды. Венесуэланы да сондай деп сипаттайды.
Ол сионистік режимді Американың қолдауы арқасында ғана өмір сүріп отырған, әлемдік деңгейде оқшауланған, сондай-ақ сыртқы саясаты шектеулі әрі Вашингтонға тәуелді жасанды құрылым деп санайды. Бұл мәселе 7 қазаннан кейін күшейді. Жағдай дәл осындай. Өйткені Америка Құрама Штаттары — сионизмнің орталығы, ал аталған режим халқының едәуір бөлігі Американың азаматтығына ие.
Израильдің қазіргі соғыстары мен әскери әрекеттерінің едәуір бөлігі қажеттіліктен емес, америкалық стратегиялық қисынына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
Израиль оппозициясы да елге тән қатаң ұстаным мен соғысқұмарлық көзқарастардан толық алшақ болмауы мүмкін. Дегенмен, оппозиция Израильдің өз ұлттық мүдделеріне көбірек сәйкес келетін саясат жүргізуге ұмтылуы ықтимал. дәл осы жағдай Трамптың тарапынан қауіп ретінде қабылдануда.
Трамп Үкіметі оппозицияға жоба ұсынып, соның негізінде коалициялық үкімет құруды сұраған деседі. Соған сәйкес, алғашқы екі жылда премьер-министр қызметін Нетаньяху атқаруы тиіс. Хабарларға сәйкес, Гади Айзенкот бірқатар шарт қойған, олардың ішінде белгілі бір кепілдік алу талабы да бар.
Трамптың мәлімдемесіндегі қоқан-лоқы сипатындағы ишаралар бұл шұғыл жоспардың жүзеге асуы тығырыққа тірелген болуы мүмкін екенін көрсетеді. Президент қысым жасау арқылы келісімді тез арада аяқтамақ.
Бұл мәлімдеменің жасалуының тәуекелдері де бар. Мәселен, сайлаушылар Бибиге қолдау көрсетпеуі немесе оппозиция Трамппен келіссөз жүргізуден бас тартуы мүмкін. Бұл Трамптың да жеңілісі ретінде қабылдануы ықтимал.
Соған қарамастан, Трамптың ақталу және жауапкершіліктен жалтару мүмкіндігі жоғары.
Трамптың Иранға қарсы ұзақ мерзімді соғыс жоспары болуы мүмкін. Оны Нетаньяхусыз жүзеге асыра алмайды. Бұл мәселе Трамптың мәлімдемесінің мазмұнынан байқалады.
Тегеран Трамптың шынайы ниетін ескере отырып, оның кез келген әрекетіне, тіпті тактикалық деңгейдегі қадамдарына да жауап бергенде, өзінің стратегиялық пайымын жоғалтпауы керек.












