Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи еліндегі жағдайдың толық бақылауға алынғанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Арақчи кеше, дүйсенбі күні Тегеранда шетелдік дипломаттармен кездесуінде айтты.
Аббас Арақчи қазіргі уақытта еліндегі жалпыұлттық наразылық толығымен бақылауға алынғанын, сонымен қатар Тегеранда Америка Құрама Штаттары мен сионистік режимнің Ирандағы соңғы лаңкестік әрекеттерге қатысы бар екендігі туралы дәлелдердің бар екенін мәлімдеп: “Бізде Америка Құрама Штаттары мен Израильдің соңғы күндері Иранда болған лаңкестік актілерге қатысы барын айғақтайтын құжаттар мен дәлелдер бар”, – деді.
Министр Арақчидің айтуы бойынша, Америка Құрама Штаттарының бұрынғы мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Моссад агенттерінің бүлікшілермен бірге болып, осы лаңкестік актіге жетекшілік еткенін мойындаған.
Аббас Арақчи лаңкестерді емес, Иран полициясын айыптаған батыс үкіметтерін де сынға алды.
Айта кетейік, Ирандағы наразылық шаралары 2025 жылғы 28 желтоқсан күні Иран риалының күрт құнсыздануы мен инфляция мен өмір сүру деңгейінің қымбаттауына байланысты басталды. Елдегі бейберекеттік алдымен Тегерандағы Үлкен базарда басталып, кейін Иранның басқа қалаларына тарады. Алғашқы кезде экономикалық қиындықтарға байланысты басталған шерулер кейін саяси наразылықтарға ұласты.















