Иран Президенті Масуд Пезешкиан отставкаға кетуі туралы негізсіз қауесетке реакция білдіріп, қызметін табанды түрде жалғастыратынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Масуд Пезешкиан Израил қолдайтын бұқаралық ақпарат құралдары таратқан оның отставкаға кетуі туралы негізсіз қауесетке жауап беріп, бағытын табанды түрде жалғастыра беретінін баса айтты.
Президент Пезешкиан кеше, жексенбі күні Министрлер кабинетінің отырысында: «Өз жолымды соңғы демім қалғанша жалғастыра беремін. Біз не батыл әрекет етеміз, не шәһид боламыз. Қалай болғанда да, бұл біздің жеңісіміз болмақ»,-деді.
Президент өмірінің Ислам революциясының Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің немесе қаза тапқан шәһидтердің өмірінен артық еместігін баса айтып: «Біз алғы шепте жүріп, мәселелерді шешуіміз керек. Ісімізге адал болсақ, Құдай бізге жар болады», -деді.
Иран Президентінің бұл мәлімдемесі Израиль қолдайтын «Iran International» ұйымының Пезешкиан Ислам революциясы Жоғарғы көшбасшысының кеңсесіне аятолла Сейед Моджтаба Хаменеидің атына отставкаға кету туралы өтініш хат жолдағаны туралы жалған ақпарат таратқаннан кейін жасалды. Иран Үкіметі бұл мәлімдемені дереу теріске шығарып, Үкіметтің баспасөз хатшысы Фатеме Моһаджерани IRNA агенттігіне берген сұхбатында қаскөй арнаның бұл мәлімдемесіy елдегі тұрақсыздықты өршіту жоспарының бір бөлігі деп атады.


















