Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты өкілі Марат Зенікенұлы Сыздықов ұйымның Тұрақты кеңесіне төрағалық етеді.
Бүгін, қаңтардың 10 күні ҰҚШҰ Тұрақты кеңесінің 2024 жылғы бірінші отырысы басталды.
ҰҚШҰ Телеграм каналындағы хабарламасында: «Ұйымға төрағалықтың Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасына ауысуына байланысты төрағалықты Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты өкілі Марат Зенікенұлы Сыздықов атқарады» деп жазылған.
Марат Зенікенұлы Сыздықов – 1966 жылы 27 сәуірде Целиноград қаласында дүниеге келген қазақстандық дипломат. Сыздықов I дәрежелі кеңесшінің дипломатиялық дәрежесіне ие.
2014-2019 жылдары Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің министр-кеңесшісі, 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы – құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіретін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының әскери-саяси ұйымы. 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында құрылды.




















