Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен Қазақстан-Германия бизнес форумы өтті.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналының мәліметі бойынша шараға Қазақстандағы мемлекеттік органдар мен жеке бизнес өкілдері, сондай-ақ Германия экономикасының жетекші 40 өкілі қатысты.
Форум аясында іскерлік байланыстарды одан әрі дамыту мен кеңейту және екіжақты сауданы ілгерілету перспективалары мен мүмкіндіктері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы нақты бірлескен жобалар талқыланды.



















