Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжанға сапары қарсаңында екі ел арасында қарым-қатынастың өркендеп келе жатқанын атап өтті.
Ақорданың хабарлауынша, бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында берген сұхбатында мәлімдеді.
Мемлекет басшысы сұхбат барысында екі ел арасындағы байланыстарға тоқталып өтті.
Президенттің айтуы бойынша, бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынас өркендеп келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдан бері Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы шамамен бес есе өскенін атап өтті.
Президент екі ел үшін де, жалпы аймақ үшін де маңызды бірқатар жоба бар екеніне де тоқталып өтті.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінде Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) болашағына да тоқталып, ұйымның негізін Қазақстан мен Әзірбайжан қалағанын тілге тиек етті.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгін, 11 наурызда екікүндік іссапармен Әзірбайжанға барады.
Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан президенті Илһам Әлиевпен келіссөз жүргізеді.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Әзірбайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысады.












