Мемлекет басшысы Марокко Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты.
«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.
Марокконың Марракеш қаласында 9 қыркүйекке қараған түні 7 баллдық жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша зілзаладан қаза тапқандардың саны 800-ден асты.



















