Қасым-Жомарт Тоқаев Илһам Әлиевті Әзірбайжан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.
Ақорданың хабарлауынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Илһам Әлиевтің әзірбайжан халқының игілігі мен дамуы үшін қолға алған барлық жоспарының табысты орындалуына тілектестік білдірді.
Өз кезегінде Әзірбайжан Президенті құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бауырлас Қазақстанмен арадағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете беруге ниетті екенін растады.
Әзірбайжанда 2024 жылдың 7 ақпанында кезектен тыс президенттік сайлау өтті.
Айта кетейік, Әзірбайжандағы кезектен тыс президент сайлауының барысын 90 мың бақылаушы бақылады. Олардың 760-ы халықаралық ұйымдардың өкілдері.














