Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес, Голан жоталарында қарсылас тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау міндеттерін орындайды.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша миссия жуырда Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Голан жоталарындағы бөлінген жерлерді «БҰҰ-ның бақылау күштері» (SONNR) миссиясына бітімгерлік контингентті жіберу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандум негізінде жүзеге асырылады.
Осы мәліметке сәйкес, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанға алғаш рет бітімгерлік миссияны өз бетінше жіберуге және орындауға мандат берді. Қазақстандық контингенттің құрамында 139 әскери қызметші бар. Бітімгерлер БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес қарсылас тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау міндеттерін орындайды.
Миссияны орындау үшін қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ-ның талаптары мен стандарттарына сәйкес мұқият іріктеуден және даярлықтан өтті.
Осы мәлімет бойынша он алты жыл ішінде БҰҰ-ның Азия, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі жеті бітімгерлік миссиясына 600-ден астам қазақстандық әскери қызметші қатысты.
Қазір 19 қазақстандық әскери қызметші БҰҰ-ның Ливан Республикасындағы, Батыс Сахарадағы, Конго Демократиялық Республикасындағы және Орталық Африка Республикасындағы бітімгерлік миссияларының құрамында қызмет етіп жүр.



















