Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері «Пәкістан армиясының командалық рухы-2024» халықаралық жарысына қатысып жатыр.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Пәкістан астанасы Исламабадтың жанындағы ежелгі Равалпинди қаласында әскери сайыс өтуде.
Әскери-спорттық турнирдің кезеңдеріне «қарсыластың нысанын анықтау», «тосқауылдағы іс-қимыл» «артиллерия атысын реттеу», «жедел медициналық көмек көрсету және жаралыларды тасымалдау», «учаскені минадан тазарту» және «түнде су бөгеттерін еңсеру» кіреді.
Жарысқа Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдерінен 12 әскери қызметші қатысуда.
«Пәкістан армиясының командалық рухы-2024» халықаралық жарыстары 2016 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Бұл жолы жарысқа Бахрейн, Йордания, Ирак, Қазақстан, Катар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Мальдив, Марокко, Пәкістан, АҚШ, Тайланд, Түркия, Өзбекстан және Шри-Ланка әскери қызметшілері қатысуда.
Әзірбайжан, Беларусь, Қытай, Мьянма, Германия, Индонезия, Жапония және Оман әскери бақылаушы ретінде қатысуда.












