БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысында Иранның Шаһ Черағ кесенесіне жасалған лаңкестік шабуыл талқыланып, ресми мәлімдеме жасалды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі лаңкестік шабуылды қатаң айыптады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесінде «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер Шираздың Шаһ Черағ кесенесіндегі жазықсыз халық пен зияратшыларға жасалған жантүршігерлік лаңкестік шабуылды қатаң айыптайды»,-делінген.
Сондай-ақ осы мәлімдемеде: «ДАИШ мойнына алған лаңкестік шабуылда 2 ирандық қаза тауып, 8 жазықсыз адам жараланды»,-делінген.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер Иран үкіметі мен шабуылдан қаза тапқандардың жанұяларына қайғыра көңіл айтып, жарақат алғандарға толық сауығып кетуін тіледі.
Айта кетсек, 13 тамыз күні бір қарулы лаңкес Шираз қаласындағы Шаһ Черағ кесенесіне шабуыл жасады. Шаһ Черағ кесенесінде ұсталған лаңкес Тәжікстан азаматы болып шықты.




















