Макаода Popular Movie Greater Bay Area Concert 2023 гала-концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
DimashNews мәліметінше, 50-ден астам актерлер, әншілер мен музыканттар танымал фильмдердің музыкалық тақырыптарын жаңа заманауи интерпретацияда ұсыну үшін Galaxy Arena алаңына жиналды.
Димаш «Battle of Memories» фильмінің саундтрегі «Eternal Memories» әнін мүлде жаңаша орындады. Эмоцияларға толы, жарқын қойылым композицияны да, әртісті де жаңа қырынан танытты, — делінген сайт таратқан мәліметте.















