Біріккен Араб Әмірліктері биыл 1 мамырдан бастап Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан (ОПЕК) шығады.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Біріккен Араб Әмірліктері өзінің ұзақ мерзімді экономикалық стратегиясына сәйкес биыл 1 мамырдан бастап Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан (ОПЕК) және ОПЕК+ альянсынан шығатынын жариялады.
Біріккен Араб Әмірліктері Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан (ОПЕК) және ОПЕК+ коалициясынан шығу туралы шешім елдің стратегиялық көзқарасы мен ұзақ мерзімді экономикалық мақсаттарына сәйкес қабылданғанын мәлімдеді.
БАӘ бұл шешімнің 2026 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енетінін және бұл елдің энергия саласындағы макросаясатын қайта қараудың бір бөлігі екенін мәлімдеді.
Мәлімдеменің жалғасында БАӘ ОПЕК пен ОПЕК+ құрамынан шыққанына қарамастан, әлемдік энергия нарығының тұрақтылығын сақтауға және халықаралық серіктестермен ынтымақтастық орнатуға адал болып қала беретіні айтылған.
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы ОПЕК 1960 жылы Бағдадта құрылған. Ұйымның мақсаты — мұнай нарығындағы бағаны тұрақтандыру, мұнай өндіру көлемін үйлестіру және мұнай өнімдерін экспорттаушы елдердің мүдделерін қорғау. Қазіргі таңда мұнай бағасын реттеу үшін «ОПЕК+» форматы да жұмыс істейді.












