Түркияның Энергетика министрі Алпарслан Байрактар Иранның Түркия нарығына газ жеткізушілердің бірі екенін айтып, алдағы жылдары жеткізілімдер жалғасады деген үміт білдірді.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Алпарслан Байрактар Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Түркияның Энергетика министрі: “Иран Түркия нарығы үшін ең маңызды газ жеткізушілердің бірі болып табылады. Тегеран бұрын Түркияға мұнай жеткізушілердің бірі болды. Қазір Түркияға газ жеткізіп отыр. Біз бұл газ жеткізілімдері алдағы онжылдықтарда жалғасады деп үміттенеміз. Себебі, бізге бұл газ қажет”, — деді.
Ресейде Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ-2025) өтіп жатыр.
“Ортақ құндылықтар – көпполярлы әлемдегі өсудің негізі” тақырыбындағы форум 18-21 маусым аралығында өтеді.
Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы 1997 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.
















