Әзербайжан Ұлттық кілем музейінде «Өрнекпен өрілген өнер» атты этнографиялық көрме басталды.
ҚР СІМ хабарлауы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі ұйымдастырған көрме коллекциясы 40-тан астам жәдігерлерден тұрады, олардың арасында кілем-киіз бұйымдары, шаруашылық және тұрмыстық заттар, киім-кешек, ат жабдықтары және қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің көпқырлылығын көрсететін басқа да ұлттық бұйымдар ұсынылған.
Көрме 2023 жылдың 18 қазанына дейін жалғасады.












