Бангладеш үкіметі денге безгегінен тағы 16 адамның көз жұмғанын растады. Бангладеште денге безгегінен қайтыс болғандардың жалпы саны 600-ден асты.
Қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Бангладеште денге безгегінен қайтыс болғандардың жалпы саны 634-ке жетті.
Денге безгегінен қыркүйек айында- 41 науқас, тамызда-342 науқас және шілде айында — 204 науқас қайтыс болған.
1-3 қыркүйек аралығында денге безгегінің тағы 6494 жағдайы тіркелген. Жалпы жыл басынан бері бұл дертті 130 302 адам жұқтырған.
Аурудың таралуын шектеу мақсатымен елде масаны жою шарасы қолға алынған. Денге адамға масаның шағуынан жұғады. Науқастың денесі қызып, басы ауырып, жүрегі айниды. Омыртқа мен тізе, жамбас буындары және арқа бұлшық еттері ауырады. Әсіресе безгек балалар мен созылмалы аурулары бар адамдарға қауіпті.















