Батыстың 15 елі Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындауға шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұған дейін Палестина мемлекетін тануға ниет білдірген 15 елдің Сыртқы істер министрлері барлық елді Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындауды ұсынды.
Мұндай бірлескен мәлімдеме Нью-Йоркте Палестина мәселесіне арналған конференция қорытындысы бойынша жасалды.
Құжатқа Аустралия, Андорра, Ирландия, Исландия, Испания, Канада, Люксембург, Мальта, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сан-Марино, Словения, Финляндия және Францияның Сыртқы істер министрлері қол қойды.
Мәлімдеме авторлары Израиль мен Палестина қақтығысын “екі мемлекет құру” қағидаты негізінде шешудегі берік ұстанымдарын білдірді.
Құжат авторлары Палестина мемлекетін мойындауды “екі мемлекет құру туралы шешімді жүзеге асыру жолындағы іргелі қадам” деп атады.
Франция өткен аптада қыркүйек айында Палестина мемлекетін ресми түрде мойындайтынын мәлімдеді. Бұл шешімді Израиль мен АҚШ сынға алғанымен, бірқатар ел қолдады.



















