Қытайдың ұлттық Қорғаныс министрлігі Бейжің өзінің жойғыш ұшақтарын дос елдерге сатуға дайын екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Қытай ұлттық қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілі Цзян Бин бұл туралы «Бірнеше ел Бейжіңмен қару-жарақ, соның ішінде J-10 жойғыш ұшақтарын сатып алу туралы келіссөз жүргізіп жатыр» деген хабарларға берген жауапта: «Қытай өзінің құрал-жабдықты дамытудағы жетістіктерін дос елдермен бөлісуге дайын», -деп мәлімдеді.
Newsweek агенттігі Қытай әскери-әуе күштерінің Үндістан-Пәкістан қақтығысындағы айқын жетістігіне сілтеме жасап: «Қытайдың жойғыш ұшақтары ұрыста өздерін дәлелдеген кезде Пәкістан әуе күштері үнді ұшақтарын атып түсірдік деп мәлімдеді» деген уәж айтты» деді.
Алайда Қытай Қорғаныс министрлігінің өкілі Цзян Бин J-10 жойғыш ұшақтарын сатып алу туралы келіссөз жүргізіп жатқан елдердің ешқайсысын атамады.
Сарапшылардың айтуынша, бір кездері өзі де ресейлік импортқа қатты тәуелді болған Қытай соңғы жылдары өзінің жетілдірілген ұшақтарын жасауға бет бұрды.
Олар бұл істің Қытайдың өзін-өзі қамтамасыз ету және Ресейден де асып түсуі мүмкін бәсекеге қабілеттілігін көрсететінін айтуда.
Newsweek жалғасында: «Сол себепті дамыған жойғыш ұшақтарды сатып алғысы келетін елдер Қытайға көбірек бет бұруда. Өйткені ол өз ұшақтарын әскери жаттығуларда көрсету кезінде экспорт пен стратегиялық серіктестікті арттыруға тырысады», — деп жазды.
Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының жақында жүргізген зерттеуі Мьянма, Пәкістан, Таиланд және Біріккен Араб Әмірліктері Қытай қару-жарағының негізгі сатып алушылары екенін көрсетті. Дегенмен БАӘ бір кездері америкалық F-35 ұшақтарына көз тігіп, сатып алуды көздеген болатын.














