Бельгия Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды тұтқындау туралы Халықаралық Қылмыстық Соттың ордерін орындайды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Бельгия Премьер-министрі Александр Де Кро мәлімдеді.
Александр Де Кро: “Бельгия жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұндай адам біздің елге келсе, қамауға алынады”, — деді.
Бельгия Премьер-министрі Бельгия үшін ауыр қылмыстардың жазалануы және жәбірленушілерге көңіл бөлініп, өтемақы төленуі өте маңызды екенін айтып: “Әділетсіздік болған жерде бейбітшілік ешқашан орнамайды”, — деді.
Айта кетейік, қарашаның 21 күні Халықаралық Қылмыстық Сот Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен режимнің бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты адамзатқа қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар және аштықты соғыс құралы ретінде пайдаланғаны үшін тұтқындауға ордер берді.














