Иран мен Африканың бірлескен сауда палатасының басшысы көршілес 15 елге импорт пен экспорттың жалпы көлемі 3900 миллиард долларды, ал Иранның бұл нарықтағы үлесі 38 миллиард долларды құрайтынын хабарлады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран мен Африка бірлескен сауда палатасының басшысы Масуд Бараһман бейсенбі күні Гүлстан провинциясының экономикалық қайраткерлерімен бірлескен отырысында мәлімдеді.
Масуд Бараһман сөзінде: “Қазіргі уақытта елдің экспорттық әлеуеті қолда бар мүмкіндіктерді есепке алғанда 360 миллиард долларды құрайды.
Құрамына 55 мемлекет кіретін Африка құрлығының тауар айналымы 1500 миллиард долларды құраса, Иранның бұл нарықтағы үлесі — бір миллиард үш жүз миллион доллар”, — деді.
Сонымен қатар, Иран мен Африка бірлескен сауда палатасының басшысы Африка елдеріне сыртқы сауданы ынталандыру мақсатында бірнеше сапар жасалғанын атап: “Африка құрлығының әлеуеті зор және Иран тауарларының көпшілігін тартуға мүмкіндігі бар. Сондықтан Иранның маңызды нарықтарының біріне айналуы мүмкін”,- деп баса айтты.
















