Мәскеуде қыркүйектің 13-17 күндері өтіп жатқан БРИКС медиа саммиті аясында бес елдің ақпарат агенттігінің өкілдері Каспий Альянсын құруға келісті.
Бес елдің ақпарат агенттігінің өкілдері Альянс ережелерін әзірлеу, келесі отырыстың уақыты мен орнын анықтау, сондай-ақ, Альянс аясында ақпараттық ынтымақтастық форматын әзірлеу бойынша тұрақты түрде консультациялар өткізуге келісті.
Іс-шараға БРИКС елдерінің жетекші медиа құрылымдарының басшылары, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені, Иранның IRNA ақпарат агенттігі, Әзірбайжанның AZERTAJ ақпарат агенттігі, Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігі және Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігінің өкілдері сондай-ақ, қауымдастықпен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытқан мемлекеттердің БАҚ өкілдері қатысты.














