АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ақпан айының соңында Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы мәлімет бойынша бұл Блинкеннің Қазақстанға алғашқы сапары болмақ. Астанада АҚШ Мемлекеттік хатшысын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Блинкен мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді келіссөз жүргізеді.
Айта кетейік, 28 ақпанда Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы істер ведомстволары басшыларының С5+1 форматындағы министрлік кездесуі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің қатысуымен өтеді.












