Американың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Иранның жуырдағы соғыста Ормұз бұғазы деген жаңа, ірі әрі өте маңызды басымдыққа ие болғанын мәлімдеді.
2021-2025 жылдары АҚШ Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған Энтони Блинкен бұл туралы CNN агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатта айтты.
Блинкен: «Тактикалық табыстарға қарамастан, біз стратегиялық жеңіліске ұшырап отырмыз. Осы жағдайдың соңында біз неге қол жеткіздік? Біз әлі де билікте отырған жүйемен және жасырақ аятолламен бетпе-бет келіп отырмыз. Иранның қолында бұрынғыша жоғары байытылған уран, сондай-ақ қайта іске қоса алатын центрифугалары бар. Біз зардап шеккен, бірақ әлі де зымырандарға ие Иранмен бетпе-бетпіз. Олардың саны азайғанымен, өндірісті қайта қалпына келтіруге қауқарлы. Сонымен қатар Иран Ормұз бұғазы деген жаңа, ірі әрі өмірлік маңызды басымдыққа ие болды! Бұрын бұлай болмаған еді, бірақ бүгінде бұл Иранның бақылауына өтті», — деді.












