Ресейдің Брянск облысында көпір опырылып, жеті адам қаза тапты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Брянск облысының губернаторы Александр Богомаз Выгоничи ауданындағы көпірдің опырылуына жарылыс себеп болғанын мәлімдеді.
Александр Богомаз: “Көпір астынан 388 жолаушы мінген Климов-Мәскеу бағытындағы пойыз жүріп бара жатқан кезде опырылып, құлады. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 69 адам, оның ішінде үш бала жараланды”, — деді.
Брянск облысында 31 мамыр күні кешке көпір опырылып, астынан өтіп бара жатқан пойыз вагонына құлады. Салдарынан Климов-Мәскеу бағытындағы №86 жолаушылар пойызының локомотиві мен вагондары рельстен шығып кетті. Орын алған оқиғадан 7 адам қаза тауып, 66 адам жарақат алды, тағы 47 адам ауруханаға жатқызылды.















