Ираннан Қытайға алғашқы жүк пойызы жолға шықты.
Еуразия Тудейдің Tasnim агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иран-Қытай бағытындағы алғашқы жүк пойызы кеше, жексенбі күні жолға шықты.
Осыдан 11 күн бұрын Қытайдан алғашқы «Сиань» транзиттік пойызы Иранға, кеше, 21 шілдеде Иран темір жолдарының бас директоры Миад Салехи, Қытай, Қазақстан және Түркіменстан өкілдерінің қатысуымен Ираннан Қытайға алғашқы пойыз аттанды. Қытайдың транзиттік пойызының Иранға келуі Ирандағы Қытай тауарлары нарығының дамуына ықпал етуі мүмкін. Аталмыш пойыз Қазақстан мен Түркіменстаннан Инче-Борун шекаралық терминалы арқылы өтті.
Иран мен Қытай арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары әсіресе, Иранның марқұм президенті Ибраһим Раиси қабылдаған тиімді шаралардан кейін кеңейе түсті.


















