Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Стефани Трембле БҰҰ-ның Парсы шығанағы атауын әдеттегідей қолдана беретінін айтты.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша БҰҰ өкілінің орынбасары Стефани Трембле Парсы шығанағының атын бұрмалау әрекеттері туралы қауесеттерге қатысты мәлімдемесінде БҰҰ аймақ атауын әдеттегідей «Парсы шығанағы» деп атай беретінін айтты.
Стефани Трембле: «Біз бұл аймақты бұрынғы атауымен (Парсы шығанағы) атай береміз деп ойлаймын», — деді.
АҚШ президенті Дональд Трамп жергілікті уақыт бойынша кеше, сәрсенбі күні Парсы шығанағының атын бұрмалау әрекеттері туралы қауесеттерден кейін журналистердің сұрағына жауап беріп, бұл мәселе бойынша әлі түпкілікті шешім қабылдамағанын және ешкімнің сезімін жаралағысы келмейтінін айтты.
Associated Press агенттігі Президент Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары Парсы шығанағын Араб шығанағы деп атайтынын жариялайтынын хабарлаған болатын.
Айта кетейік, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи X әлеуметтік желісінде АҚШ президентінің Парсы шығанағы атын бұрмалау мүмкіндігі туралы қауесеттерге қатысты былай деп жазды:
«АҚШ президенті «Парсы шығанағы» атауының ғасырлар бойы келе жатқанын , оны барлық картографтар мен халықаралық институттар мойындағанын, тіпті 1960 жылдардың соңына дейін аймақтың барлық басшылары ресми хат-хабарларында пайдаланғанын білетініне сенімдімін».















