UNRWA басшысы Филипп Лаззарини бейсенбі күні Газа секторындағы әрбір бесінші баланың дұрыс тамақтанбаудан зардап шегетінін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету жөніндегі агенттігінің (UNRWA) Бас комиссары Филипп Лаззарини агенттік бақылауындағы балалардың көпшілігі шаршаған, әлсіз және өлім қаупі өте жоғары екенін айтып, оларды дереу емдеу керектігін мәлімдеді.
Филипп Лаззарини X әлеуметтік парақшасында: “Газа қаласындағы әрбір бесінші бала дұрыс тамақтанбаудан зардап шегуде. Мұндай жағдайлардың саны күн сайын артып келеді.
UNRWA-ның медицина қызметкерлері күніне бір рет тамақтанады. Тіпті олар кейде жұмыс кезінде аштықтан естерінен танып та қалады. Ата-аналардың да аштықтан балаларына қарауға шамалары жоқ. UNRWA клиникаларына баратындардың медициналық кеңестерді орындауға қаражаты жоқ. Олардың өміріне қауіп төніп тұр”, — деді.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сәрсенбі күні Газа секторында дұрыс тамақтанбау салдарынан қайтыс болғандар санының күрт өскенін хабарлады. Ұйым 2025 жылы Газа секторында дұрыс тамақтандау салдарынан бес жасқа дейінгі балалар өлімінің 21 жағдайын тіркеді.



















