Eurasiatoday
Вторник, 24 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Чак Шумер: Трамп америкалықтардың сенімінен айырылды

  • Америка, Саясат
  • 1 августа, 2026 13:03

Loading

Ақ үй басшысы Дональд Трамп америкалықтардың едәуір бөлігінің сенімінен айырылды.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы АҚШ сенатындағы демократиялық азшылық жетекшісі Чак Шумер мәлімдеп, президент Дональд Трамптың саясатын қатаң сынға алды.

Сенатордың айтуынша, қазіргі әкімшіліктің билік етіп тұрған кезеңі толық күйреуге ұшырады. Шумердің пікірінше, Вашингтон бір мезгілде Иран Ислам Республикасымен созылмалы қақтығысқа тартылып, энергия ресурстары бағасының өсуіне тап болды. Сонымен қатар қоғамды елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанына сендіре алмады.

Тақырыпқа орай:

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026

Шумер X әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында CNN жүргізген сауалнама нәтижелеріне сүйенді. Келтірілген мәліметтерге сәйкес, америкалықтардың 72 пайызы Иранмен соғысты қолдамайды. Сондай-ақ респонденттердің 79 пайызы әкімшіліктің бензин бағасына қатысты саясатына көңілі толмайтынын айтқан. Ал 73 пайызы президенттің басымдықтарын қате деп санаса, 71 пайызы Ақ үй күнделікті тұрмыс шығындарын азайту мәселесіне жеткілікті көңіл бөлмей отыр деген пікір білдірді.

Сонымен қатар, тәуелсіз зерттеулер де осыған ұқсас нәтижелерді көрсетті. Reuters/Ipsos сауалнамасы әскери науқанды америкалықтардың шамамен үштен бірі ғана қолдайтынын анықтады.

Шумердің пікірінше, Ақ үй сыртқы саяси бағытын қайта қарауы қажет. Өйткені халықаралық дағдарыстың салдары елдің ішкі экономикасына барған сайын көбірек әсер етіп отыр.

Ормұз бұғазы арқылы мұнай жеткізудегі іркілістер мен жаңа шабуылдар қаупі әлемдік энергия ресурстары бағасының қымбаттауына ықпал етті. Соның салдарынан Америка Құрама Штаттарында жанармай бағасы өсіп, бұл қарапайым тұтынушылардың шығындарын арттырды.

CNN бұған дейін Трамптың бензин бағасына қатысты қызметін мақұлдау деңгейі 24 пайызға дейін төмендегенін хабарлаған болатын. Ал CBS сауалнамасы америкалықтардың басым бөлігі халықтың табысы өмір сүру құнының өсуіне ілесе алмай отыр деп санайтынын және президент қымбатшылықпен күреске жеткілікті көңіл бөлмейді деген пікірде екенін көрсетті.

Сенатор Таяу Шығыстағы америкалық әскери қызметшілердің қауіпсіздігіне де тоқталып: «Тегеран АҚШ күштері орналасқан нысандарға зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданып, шабуылдарды жалғастырып келеді. Соған байланысты АҚШ әскери қолбасшылығы шабуылдардың жолын кесуге және әуе қорғанысын күшейтуге едәуір ресурс жұмсауға мәжбүр»,-деді.

АҚШ әскері шілде айының соңында америкалық бөлімшелерге бағытталған бірнеше баллистикалық зымыранның әуеде жойылғанын хабарлады. Шумер мәселелерді жоққа шығару, нақты шығын көлемін жасыру және соғыстың жақын арада аяқталатыны туралы мәлімдемелер әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтінін баса айтты.

Демократтар бірнеше рет президенттің әскери өкілеттіктерін шектеуге және Конгрестің қосымша рұқсатынсыз жүргізіліп жатқан әскери операцияларды тоқтатуға тырысты. Алайда 30 шілдеде Сенат әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы кезекті қарарды бір дауыстың айырмасымен қабылдамады. Құжатты 49 сенатор қолдаса, 50 сенатор қарсы дауыс берді.

Бұған дейін демократтар құны 1,15 триллион доллар болатын қорғаныс бюджетінің қабылдануына да тосқауыл қойған болатын. Олар бұл шешімді әкімшіліктің нақты стратегиясы, айқын мақсаты және қақтығыстан шығу жоспарының жоқтығымен түсіндірді.

Сарапшылардың пікірінше, сенатор Шумердің бұл мәлімдемесі қарашада өтетін Конгреске аралық сайлау қарсаңындағы саяси күрестің бір бөлігі ғана. Бұл сайлау Өкілдер палатасы мен Сенаттағы орындарға бақылау орнату үшін шешуші маңызға ие. Сондықтан демократтар республикашыл кандидаттарды халық қолдамайтын соғыспен, қымбатшылықпен және Ақ үйдің тиімсіз саяси шешімдерімен байланыстыруға тырысып жатыр.

Шумер америкалық сайлаушылар Трамптың екі жылдық саяси бағытына өз бағасын сайлау күні береді деп есептейді.

Сарапшылардың пікірінше, Ақ үйдің басты қатері – сыртқы саясаттағы белгісіздік пен ішкі экономикалық мәселелердің бір мезгілде ушығуы. Себебі халықаралық үдерістерге сырттай қарайтын жұрттың өзі бұл текетірестің зардабын күнделікті өмірдегі жанармай, азық-түлік пен көлік бағасының өсуі арқылы әр күні бастан кешуде.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: АҚШДональд ТрампСауалнамаЧак Шумер
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
АҚШ-тағы ақау салдарынан 17 мыңнан астам әуе рейсі тоқтатылды

АҚШ-тағы ақау салдарынан 17 мыңнан астам әуе рейсі тоқтатылды

17.11.2026
АҚШ-тағы жаппай техникалық ақау: Әуе қатынасы уақытша тоқтатылды

АҚШ-тағы жаппай техникалық ақау: Әуе қатынасы уақытша тоқтатылды

14.11.2026
Пак-Айин: АҚШ-тың Иранға қарсы құрлықтағы жоспары сәтсіздікке ұшырайды

Пак-Айин: АҚШ-тың Иранға қарсы құрлықтағы жоспары сәтсіздікке ұшырайды

13.11.2026
Игорь Коротченко: Каспий жағалауындағы мемлекеттер АҚШ-тың бұл өңірге қол сұғуына жол бермеуі тиіс

Игорь Коротченко: Каспий жағалауындағы мемлекеттер АҚШ-тың бұл өңірге қол сұғуына жол бермеуі тиіс

13.11.2026
АҚШ 2027 қаржы жылын 404 миллиард долларлық тапшылықпен бастайды

АҚШ 2027 қаржы жылын 404 миллиард долларлық тапшылықпен бастайды

13.11.2026
Иранның әуе қорғанысы Ормұз бұғазы маңында америкалық MQ-1 дронын атып түсіргенін мәлімдеді

Иранның әуе қорғанысы Ормұз бұғазы маңында америкалық MQ-1 дронын атып түсіргенін мәлімдеді

29.10.2026
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жаңа операция туралы мәлімдемелері — психологиялық қысымның бір бөлігі

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы жаңа операция туралы мәлімдемелері — психологиялық қысымның бір бөлігі

29.10.2026

Басты жаңалықтар

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

23.11.2026
Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

23.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Трамп: Иранмен келіссөз дүйсенбі күні басталады

Трамп: Иранмен келіссөз дүйсенбі күні басталады

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.