Украина мен Дания қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық және ұзақ мерзімді қолдау туралы келісімге қол қойды.
Бұл туралы Украина Президенті Оффисінің баспасөз қызметі хабарлады.
23 ақпанда Львовта Украина президенті Владимир Зеленский мен Дания премьер-министрі Матте Фредериксен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық және ұзақ мерзімді қолдау туралы келісімге қол қойды.
Келісімге сәйкес, Дания Украинаны 2024 жылы әскери тұрғыдан қолдау үшін кем дегенде 1,8 миллиард еуро, 2023-2028 жылдары Украинаға тұрақты қолдау көрсету үшін 8,5 миллиард еуро бөлді.
Копенгаген келісім жасалған күннен бастап Украинаға он жыл бойы қолдау көрсетуге уәде берді.
Украина президенті Владимир Зеленский келісімді «Данияның Украина халқын айнымас қолдауын растайтын күшті құжат» деп атады.
Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Игорь Жовква Данияның Украина мұндай келісім жасасқан «Жетілік» тобына кірмейтін бірінші ел екенін атап өтті.
Осы келісімге сәйкес, Дания Украинаның 1991 жылғы халықаралық деңгейде танылған шекараларын, соның ішінде аумақтық теңізі шегінде Украинаның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын бұлжытпай қолдайтынын растайды.












