Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Израильдің Газаға гуманитарлық көмек енгізуге кедергі жасауын сынға алды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының баспасөз өкілі Маргарет Харрис Қатардың Al Jazeera арнасына берген сұхбатта сионистік режимнің Газа секторына медициналық көмек енгізуге кедергі жасауды жалғастырып отырғанын хабарлап, халықаралық қауымдастықтан осы аймақтағы адами апаттармен күресу үшін жедел шара қолдануды сұрады.
Ол Израильден Газа секторы халқына гуманитарлық көмек жеткізу жолында кедергі жасауды доғаруды талап етіп, наурыздың екісінен осы уақытқа дейін Израильдің Газа секторына медициналық ешбір көмектің енуіне рұқсат бермегенін қуаттады.
ДДСҰ өкілі Газада дәрі-дәрмек қоры мен медициналық құрал-жабдық таусылғанын айтып, оның негізгі себебін осы аймаққа өздерінің көбірек көмек жеткізудегі қауқарсыздығы деп атады.
Ол сөзінің соңында: «Газада болып жатқан қайғылы жағдайлармен күресу үшін әлем жетекшілерінің бірігуінен басқа амал жоқ. Өкініштісі, аш балалар мен жүкті аналардың әлі де өлім-жітімі арта түседі»,-деді.
Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш те сенбі күнгі сөзінде Израильдің халықаралық құқық бойынша басқыншы держава ретінде өзінің айқын міндеттемелерін орындамай отырғанын баса айтты.














