АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трампты ұлықтау рәсімі 2025 жылдың 20 қаңтарына жоспарланған.
Еуразия Тудейдің USA Today басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, салтанатты рәсім Вашингтондағы Капитолий ғимаратында өтеді.
Рәсімге дейін және кейін бірқатар мерекелік іс-шаралар, соның ішінде парад пен бал өткізу жоспарланған.
Ақ үйдің 47-ші басшысын тікелей сайлайтын сайлаушылар алқасының дауыс беруі 17 желтоқсанда өтеді. Ал дауыстарды есептеу мен сайлаудың қорытындысын шығару қаңтардың алтысына белгіленген.
АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамптың ұлықтау рәсімі барысында оның жаңа президент ретінде ант беру рәсімі мен сөз сөйлеуі жоспарланған.
Трамп президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін «Американың алтын ғасыры» болатынын айтып, бүкіл әлемде соғыстарды тоқтатуға уәде берді.
Трамптың ұлықтау рәсіміне дейін президенттік өкілеттіктер қазіргі ел Президенті Джо Байденнің қолында болады.
Еске сала кетейік, қарашаның бесі, сейсенбі күні өткен АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жетті.














