Иран СІМ баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи Иранның АҚШ-мен қарым-қатынасындағы негізгі критерий Америка Үкіметінің нақты әрекеттері болып қала беретінін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи IRNA тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Бақайи: «АҚШ президентін таңдау жауапкершілігі халыққа жүктеледі. Қазір осы елдің халқы өз таңдауын жасады.
Иранның Америкадағы әртүрлі әкімшіліктердің бұрынғы саясаты мен көзқарастарына қатысты өте ащы тәжірибесі бар», — деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сайлау бұрынғы қателіктерді қайта қарауға және түзетуге мүмкіндік беретінін, Иранның Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасындағы негізгі критерийі осы ел үкіметінің нақты әрекеттері болып қала беретінін баса айтты.
Айта кетейік, қарашаның бесі, сейсенбі күні АҚШ-та президент сайлауы өтті. Президент сайлауына Камала Харрис пен Дональд Трамп бәсекеге түсіп, нәтижесінде Трамп жеңіске жетті.
















