Eurasiatoday
Воскресенье, 29 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Дубайда өткен Дүниежүзілік климаттық саммитте әлем басшылары не деді?

  • Әлем
  • 5 декабря, 2023 16:49

Loading

БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өткен Дүниежүзілік климаттық саммитке 140-тан астам мемлекеттің басшылары, соның ішінде ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.

СОР-28 жиынында әлем басшылары не деді? БҰҰ жаһанды қалай құтқармақ?

Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы саммитіне қатысушылардың пікірлерін саралап көрсек.

Тақырыпқа орай:

No Content Available

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев климаттың өзгеруіне қатысты БҰҰ-ның Дубайдағы конференциясы аясында өткен Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөз сөйледі.

Тоқаев Қазақстанның болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөніндегі БҰҰ-ның үндеуін қолдайтынын, сондай-ақ, Париж келісімін ратификациялаған аймақтағы бірінші ел екенін және 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдағанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Орталық Азиядағы климатты қорғау жөніндегі іс-қимылдарға тың серпін беру мақсатында БҰҰ аясында 2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өткізуге шешім қабылданғанын айтты.

Қазақстан президенті сөзінде климат жөніндегі төтенше жағдай жаһандық дағдарыс екенін, оның әлемдік деңгейдегі жауапкершілікті талап ететінін айтты.

Президенттің пікірінше, ұжымдық іс-әрекет пен ынтымақтастықтың арқасында ғана климаттық дағдарыс проблемасын шешуге болады. «Климат жөніндегі төтенше жағдай – жаһандық дағдарыс. Оған бүкіл әлем болып төтеп беру қажет. Бәріміз Жер шарын сақтауға және баршаға ортақ орнықты даму мақсаттарын қамтамасыз етуге жауаптымыз. Қазақстан ұжымдық іс-әрекет пен ынтымақтастықтың арқасында ғана климаттық дағдарыс проблемасын шеше алатынымызға кәміл сенеді», — деді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш: «Мен үкіметтерді өнеркәсіпке дұрыс таңдау жасауға көмектесуге – реттеуге, заңдар қабылдауға, көміртегі шығынына әділ баға белгілеуге, қазба отынына субсидияларды тоқтатуға және «артық (windfall tax)» табыстан салық ұстауды тоқтатуға шақырамын», — деді.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Климаттық дағдарысты талқылай отырып, біз жанымыздағы Палестина аумағында болып жатқан гуманитарлық дағдарысты елемей қоя алмаймыз.
Издраильдің 16 мыңнан астам жазықсыз палестиналықты, соның ішінде балалар мен әйелдерді қырып тастағанын ешқандай жағдайда ақтауға келмейді», — деді.

Рим Папасы Франциск: «Осы тарихи сәтте біз келешек ұрпағымыз үшін жауапкершілікті мойнымызға алуымыз керек. Қазір әрекет етпейтін болсақ, климаттың өзгеруі миллиондаған адамның өміріне қауіп төндіретін болады», — деді.

АҚШ Вице-президенті Камала Харрис: «Бұл шешуші сәт. Біздің ұжымдық әрекетіміз немесе одан да жаманы, біздің әрекетсіздігіміз ондаған жылдар бойы миллиардтаған адамның өміріне әсер етеді. Біз көп нәрсеге қол жеткіздік, әлі де атқарар жұмыс көп. Күрессіз әрі қарай жылжу мүмкін емес.

Әлемде біздің прогресті тоқтатуға тырысатындар бар. Олар – климат туралы ғылымды жоққа шығаратын, климаттың өзгеруіне қарсы жұмыстарды кейінге ысырып, жалған ақпарат тарататын көшбасшылар, қазба отынына миллиардтаған доллар субсидия бөлетін климат туралы «жалған ақпарат таратушы» корпорациялар. Соған қарамастан біз әрекетімізді тоқтатпауымыз керек», — деді.

Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди: «Достар, бізде өткен ғасырдағы қателіктерді айтып отыруға уақыт жоқ. Өткен ғасырда адамзаттың азғантай бөлігі табиғатты бей-берекет пайдаланды. Сол үшін бүкіл адамзат, әсіресе жаһандық оңтүстікте тұратын адамдар жауап беруде. Сондықтан әр ел өзінің алдына қойған климаттық мақсаттары мен міндеттемелерін орындауы керек», — деді.

Ұлыбритания королі Чарльз III: «Егер бізге тірек болып тұрған, үйлесімділік пен тепе-теңдікке негізделген табиғат экономикасын тез қалпына келтірмесек, біздің экономикамыз бен өмірімізге қауіп төнеді», — деді.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: климаттық саммитСОР-28
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

No Content Available

Басты жаңалықтар

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

Омандағы Ғанам порты маңында екі мұнай танкері минаға соғылды

27.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

Израильдің Иранды жалған айыптаудағы мақсаты әшкере болды

26.11.2026
Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

Иран әскері Парсы шығанағында жаудың ұшқышсыз ұшатын екі аппаратын құлатты

25.11.2026
Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

Ормұз бұғазында тәртіп бұзған алты кеме жойылды

25.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

Нетаньяху билікті кезең-кезеңімен бөлісіп атқару туралы ұсыныс жасады

28.11.2026
Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

Иран Ормұз бұғазы арқылы Ұлыбритания мен Еуропалық Одақты қыспақта ұстап отыр

27.11.2026
Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Каспий теңізі Қазақстан мен Әзірбайжан ынтымақтастығының артуына ықпал етеді

Каспий теңізі Қазақстан мен Әзірбайжан ынтымақтастығының артуына ықпал етеді

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.