Пәкістанның Ауғанстандағы бұрынғы арнайы өкілі Асиф Дуррани Пәкістанда ешкім Талибанның исламын қаламайтынын айтты.
Асиф Дуррани кеше бейсенбі күні кешке Х платформасындағы парақшасында “Талибан мен пәкстандықтардың арасында идеологиялық айырмашылық” бар деп жазды.
Ол Пәкістан халқы пайымыны айқын екенін, Талибанды ешқандай жақсы көру, романтикалық байланыс болмайтынын баса айтты.
Ол Пәкістан халқының шешімі айқын екенін және «Талибанмен ешқандай жақындық немесе романтикалық қарым-қатынас болмайтынын» атап айтты.
Дуррани мұның алдында Талибанның адам құқықтарын бұзғаны және лаңкестікті қолдағаны үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан қудаланғанып жүргенін айтқан болатын.
Ол бұз сөзді Талибан Пәкістанның әуе шабуылдарында кем дегенде 10 бейбіт тұрғын қаза тапқанын мәлімдеген жағдайда айтып отыр. Пәкістан армиясы бұл шабуылдарды теріске шығарып, Ауғанстанға ешқандай шабуыл жасалған жоқ деген уәж айтты.












