Американың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керри ирандықтарды намысқой халық деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша АҚШ-ның бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керри ирандықтарды намысқой халық деп атап, ядролық ғылымды бомбалаумен жою мүмкін емес екенін баса айтты.
АҚШ-ның бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керри CNN телеарнасына берген сұхбатында Иранның ядролық бағдарламасына қарсы әскери әрекеттер туралы ескертіп, нысандар жойылғанымен, ядролық білім мен тәжірибе бәрібір сақталатынын айтты.
Сұхбатта Керри Иранның ядролық бағдарламасына қатысты дәлелденбеген уәждерге сілтеме жасап: «Бомбалау арқылы бомба жасау білімін жоя алмайсыңдар. Олардың дамытқан білімін жоя алмайсыңдар. Сіздер жылдар бойы осы жобамен жұмыс істеген техниктердің кең ауқымды тәжірибесін бомбалай алмайсыздар», — деді.
Ол әскери әдістер тек Ислам революциясының Сақшылар корпусын күшейтетінін айтып: «Бұл ешкімге жақсы емес», — деді.












