ЕАЭО өзара құрмет пен экономикалық тиімділікке негізделген Иранмен ынтымақтастықты дамытудың оң динамикасын жоғары бағалайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Иран Ислам Республикасының жетекшісі Әли Хаменеиді туған күнімен құттықтаужа мәлімдеді.
ЕАЭО-ның сайтында жарияланған құттықтау хатта: «ЕАЭО елдері өзара құрмет пен экономикалық тиімділікке негізделген Иран Ислам Республикасымен ынтымақтастықты дамытудың оң динамикасын жоғары бағалайды», — деп жазылған.
Бақытжан Сағынтаев ЕЭК атынан және жеке өзінің атынан Әли Хаменеиге зор денсаулық, амандық, Иран мен оның азаматтарының игілігі үшін осы елдің барлық жоспарының жүзеге асуын тіледі.












