Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қазақстан астанасына келді.
Еуразия Тудейдің Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Тәжікстан мемлекет басшысын әуежайда ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Бүгінде елдер тауар айналымын одан әрі арттыруға күш салуда. Биылғы қаңтар-маусым айларында екі ел арасындағы өзара сауда көлемі $575,7 млн-ды құрады, бұл ретте қазақстандық тауарлар экспорты 18,9 пайызға артты.
Екіжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарының бірі – су қатынастары саласы. Тәжікстанда Рогун су электр стансасын салу жөніндегі энергетикалық жоба бүкіл Орталық Азия аймағына мультипликативті әсер береді.
Айта кетейік, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланатын Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия + Жапония» диалогы мемлекеттері басшыларының бірінші саммитіне қатысады.
Бұл сапарда Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен бірге Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Тәжікстан Республикасы Президентінің сыртқы байланыстар жөніндегі көмекшісі, Экономикалық даму және сауда, қаржы, өнеркәсіп және жаңа технологиялар, еңбек, көші-қон және жұмыспен қамту, Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы және тағы басқа лауазымды тұлғалар келді.












