Халықаралық Құдс күнінің шерулері ертең, Рамазанның соңғы жұмасы күні Теһран мен басқа қалаларда, қалашықтар мен ауылдарда өтеді.
Иранның Интифаза және Халықаралық Құдс күнінің Орталық штабының басшысы Рамазан Шариф бүгін, бейсенбі күні БАҚ өкілдерімен өткізген хабар брифингінде биылғы жылғы Құдс күнгі шерулердің бағдарламасын жариялады.
Рамазан Шариф: “Исламдық Ирандағы Халықаралық Құдс күнгі шерулер — біздің екінші ұлттық және жалпыұлттық шерулеріміз. Халықаралық Құдс күнінің рәсімдері 900-ден астам қалада өтеді. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Халықаралық Құдс күні рәсімі Үлкен Теһран мен басқа қалаларда 2025 жылы наурыз айының 28 күні қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасында таңертеңгі сағат 10-да басталады»,- деді.
Айта кетейік, Иран ислам революциясының жетекшісі имам Хомейни һижраның 1358 жылы Рамазан айының соңғы жұмасын Палестина халқын қолдаудың ресми күні — «Халықаралық Құдс күні» деп жариялап, бүкіл әлем мұсылмандарын сионистік режимнің қылмыстарына қарсы бірігуге шақырды.
Рамазан айының соңғы жұмасының Құдс күні деп аталуы көптеген зиялылар мен өнер қайраткерлерінің қолдауына ие болып, бүгінде Ираннан бөлек әлемнің әртүрлі мемлекетінде Құдс күнінің шерулері өтеді.
Ақпарат көздеріндегі деректерге сәйкес, бұл шеру әлемнің 80-нен астам елінде өтеді.












