Еуропалықтар Трамп әкімшілігі кезінде АҚШ-ның барлау қызметіне тәуелділігіне алаңдайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, кейбір Еуропа елдері Дональд Трамптың билікке қайта оралуы аясында АҚШ-ның ақпараттық қызметіне тәуелділігіндегі өздерінің осалдығына алаңдауда.
The Washington Post басылымының мәліметінше, соңғы жеті айда бұл алаңдаушылық күшейе түскен.
Тақырыпқа орай:
Басылымның хабарлауынша, өткен жылы АҚШ Орталық барлау басқармасы Германия барлау қызметіне Ресейдің Украинаға белсенді түрде қару-жарақ шығаратын негізгі қорғаныс мердігері Rheinmetall компаниясының бас директоры Армин Паппергерге қастандық жасайтындығы туралы алаңдатарлық ақпарат берді.
Германия барлау қызметтері бұл мәселе бойынша қосымша ақпарат алу үшін өз дереккөздерін, сонымен қатар бұған ресейлік агенттердің бар-жоғын тексере бастады. Өз қауіпсіздігі үшін аты-жөнін жасырғысы келген тұлғаның айтуынша, бір жылдан кейін бірде-бір тәуелсіз дереккөзі барлау деректерінің дұрыстығын растай алмаған.
Барлау қызметтері мен биліктің барлық әрекеті тек АҚШ-нан алынған ақпаратқа негізделген.
НАТО-ға күмәнмен қарайтын Трамп кез келген уақытта еуропалық одақтастармен ынтымақтастық параметрлерін өзгерте алады. Бұл Еуропа елдерінің ақпараттық қызметінің осалдығын уақытша емес, жүйелі мәселеге айналдырады.










