Еуроодақ халықаралық кеме қатынасы еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа шектеу шараларын тұңғыш рет Иранға қарсы қолданды.
Еуразия Тудей ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл жөнінде ЕО-ның сыртқы саясат ведомствосының жетекшісі Кая Каллас Кипр аралында ұйымдастырылған қорғаныс министрлерінің бейресми жиынынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында жариялады.
Кая Каллас Еуропалық Одаққа мүше елдер Ормұз бұғазының жабылуына қатысты Иранның жеке тұлғалары мен ұйымдарына қарсы алғаш рет санкцияны мақұлдағанын мәлім етті. Ол одаққа мүше елдер министрлерінің Иранның Ормұз бұғазын жабу жөніндегі әрекеттерін қабылдауға келмейді деп санайтыны туралы уәж айтты. Оның айтуынша, қабылданған шешім Еуропалық Одақ елдерінің теңіз тасымалы қауіпсіздігі мен халықаралық кеме қатынасына қатысты ұстанымын көрсетеді.
Қазіргі уақытта Еуропа Одағына Еуропаның 27 мемлекеті мүше.












