Еуропалық саяси қоғамдастықтың сегізінші саммиті Арменияда келесі жылы өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Telegram-арнасында жазды.
Никол Пашинян: “2026 жылдың көктемінде Арменияда Еуропалық саяси қоғамдастықтың сегізінші саммиті өтеді.
Еуропалық саяси қоғамдастықтың көшбасшыларын осы маңызды шешім бойынша қолдау білдіргені үшін алғыс айтамын”, — деді.
Армения Премьер-министрі Еуропалық саяси қоғамдастық саммитінің 2028 жылы Әзірбайжанда өтетінін қолдайтынын да айтты.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 20-21 мамырда Ереванға жұмыс сапары барысында Арменияның келесі жылы Еуропалық саяси қоғамдастық саммитін өткізуге үміткер екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Еуропалық саяси қоғамдастықтың алғашқы саммиті 2022 жылдың қазан айында Прагада 44 елдің қатысуымен өтті. Қоғамдастықтың алдыңғы саммиті өткен аптада Албания астанасында өтті.
Еуропалық саяси қоғамдастық Еуропа елдерінің болашағы туралы саяси және стратегиялық пікірталас өткізетін алаң болып табылады.
Еуропалық саяси қоғамдастықтың көшбасшылары стратегиялық мәселелерді талқылау мақсатында жылына екі рет саммит өткізеді.


















