Анкараның басты мақсаты — соғыс қимылдарын тоқтату және аймақтың жаһандық апат аймағына айналуына жол бермеу.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралыы Түркия Сыртқы істер министрі Хақан Фидан мәлімдеді.
Фидан елінің Иран мен АҚШ арасындағы соғысты тоқтатуға күш салып жатқанын, Анкара делдал ретінде әрекет етіп, аймақ қауіпсіздігі үшін Ормұз бұғазын дереу ашуға және қақтығысты деэскалациялауға шақыратынын айтты.
Түркия Сыртқы істер министрі Хақан Фидан түрік дипломатиясы Тегеранмен және Вашингтонмен тұрақты байланыс режимінде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеп: «Анкараның басты мақсаты — соғыс қимылдарын тоқтату және аймақтың жаһандық апат аймағына айналуына жол бермеу», — деді.
Фидан Түркияның қақтығысушы қос тараппен де белсенді келіссөз жүргізіп жатқанын атап айтты. Осы мәтіметке сәйкес, Анкара дипломатияға қайта оралуды және қантөгісті тоқтатуға мүмкіндік беретін саяси шешім іздеуді талап етуде.
Түрік тарапының басым міндеттерінің бірі — Ормұз бұғазының ашылуына ықпал ету. Фидан бұл су жолының бұғатталуы аймақтағы барлық елдің мүдделеріне және әлемдік экономикаға соққы болатынын атап айтты.
Түркия СІМ басшысы Таяу Шығыстың әлі де соғыс көлеңкесінде қалып отырғанын ескертті.
Ол аймақ мемлекеттері сырттан көмек күтпеуі керектігін, керісінше өз болашағы мен қауіпсіздігін сақтау үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға тиіс екенін қадап айтты.
«Біз шиеленісті азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Дегенмен, аймағымыздағы елдер мынаны түсінуі керек: тұрақтылық — бұл біздің ортақ міндетіміз. Біз сыртқы қақтығыстардың өз үйімізді қиратуына жол бере алмаймыз», — деді Хақан Фидан.














