Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов пен Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи аймақтағы қазіргі ахуалды талқылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арақчимен телефон арқылы сөйлесіп, өзара қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Бахтиёр Саидов Telegram-арнасында: «Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчимен телефон арқылы сұхбаттастық. Сұхбат барысында өңірлік тұрақтылық пен халықаралық деңгейдегі маңызды мәселелер бойынша пікір алмастық.
Біз кез келген даулы мәселелерді халықаралық құқық аясында, дипломатиялық құралдар арқылы реттеу қажеттігіне баса назар аудардық. Екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы тығыз диалог пен практикалық іс-қимылды жалғастыруға уағдаластық»,-деп жазды.


















