Душанбе қаласында футзалдан әйелдер арасындағы CAFA чемпионатының төртінші шығарылымы аяқталды.
Еуразия Тудейдің Аvesta.tj агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, турнирге Тәжікстан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстанның әйелдер құрамалары қатысты.
Иран құрамасы төрт кездесуде де жеңіске жетіп, 12 ұпаймен CAFA 2025 чемпионатының жеңімпазы атанды. Күміс медаль 7 ұпаймен Өзбекстан құрамасына бұйырды. Үздік үштікті 5 ұпаймен Қырғызстан құрамасы түйіндеді.
Футзалдан әйелдер арасындағы CAFA 2025 чемпионатының жабылу салтанатына Тәжікстан футбол федерациясының вице-президенті Искандар Жалилов және Орталық Азия футбол қауымдастығының Бас хатшысы Улугбек Каримов қатысты.
“Fair Play” сыйлығы жарыс қорытындысы бойынша Қырғызстан құрамасына табыс етілді. Турнирдің үздік қақпашысы болып Түркіменстан құрамасының қақпашысы Малика Эминова атанды.
Чемпионаттың ең “пайдалы” ойыншысы және үздік бомбардирі жүлдесі он гол соққан Иран құрамасының ойыншысы Марал Торкаманға берілді.
Айта кетейік, Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында 9-16 ақпан аралығында футзалдан әйелдер арасында Орталық Азия футбол қауымдастығының (CAFA) чемпионаты өтті.


















