Қазақстанның алты азаматы Газа секторынан эвакуацияланды.
Еуразия Тудейдің ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Қазақстанның алты азаматы Амман қаласындағы Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайға жеткізілгеннен кейін елге оралды.
Газа секторындағы гуманитарлық жағдайға байланысты эвакуациялау жұмыстарын Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен Иордания мен Израильдегі Қазақстанның шетелдік мекемелері ұйымдастырды.
Қазақстан азаматтары Иордания билігімен тиімді өзара іс-қимылдың нәтижесінде елімізге оралды.
Қазіргі уақытта Амман және Тель-Авив қалаларындағы Қазақстанның елшіліктері өңірдегі жағдайды мұқият бақылап, Газа секторы мен Палестина аумағындағы Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста.



















