Газада «Әл-Ақса дауылы» операциясы басталғаннан осы күнге дейін 38 мың 794 адам қайтыс болды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Палестина Денсаулық сақтау министрлігі сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстары салдарынан қаза болғандар мен жараланғандар туралы соңғы статистикалық мәліметтерді жариялап, 2023 жылдың қазанның 7 күні «Әл-Ақса дауылы» операциясы басталғаннан осы күнге дейін 38 мың 794 адам қайтыс болғанын хабарлады.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, сионистік режим өткен тәулікте Газа секторында 4 қылмыс жасап, салдарынан 81 адам қаза тауып, 198 адам жарақат алған.
Осы есеп бойынша, 2023 жылдың қазан айынан бері Газа секторында қаза тапқандар саны 38 794 адамға, жараланғандар саны 89 364-ке жеткен.












