Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Ғарибабади ядролық мәселе тек сылтау ғана екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Казем Ғарибабади ядролық мәселенің тек сылтау екенін, жаулардың дұшпандығы Иранның жетістіктеріне байланысты екенін баса айтты.
Казем Ғарибабади бұл туралы бейсенбі күні Құм қаласында өткен іс-шарада сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары АҚШ-ның қолдауымен сионистік режимнің 12 күнге созылған басқыншылығына Иранның ядролық бағдарламасы емес, Иран халқының жетістіктері себеп болғанын атап айтты.
Ол: “Келіссөздер жүріп жатқан кезде жазықсыз адамдарға, тұрғын аудандар мен инфрақұрылымға жасалған басқыншылық шабуыл- ядролық мәселенің тек сылтау екенін көрсетті”,-деді.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары АҚШ-ның жаңа әкімшілігімен өткен соңғы келіссөздің толық сенімсіздік жағдайында және кез келген әскери әрекеттерге қарсы тұру үшін қажет дайындықпен қатар жүргенін айтты.
Ғарибабади Израиль режимі де, Америка Құрама Штаттары да Иранға қарсы жүргізген әскери әрекеттерінде толық сәтсіздікке ұшырағанын баса айтты.
Оның айтуы бойынша, сионистік режим мен Вашингтон өздерінің стратегиялық мақсаттарына жете алмады. Ал Иран Израильге ауыр соққы жасады.












